CaspianLife, 27 мамыр. Республикалық маңызға ие Доссор–Құлсары автожолының 3–36 және 36–69 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Атырау облыстық филиалының директоры Аслан Дүйсеновтың айтуынша, тегістеу қабатын қалпына келтіру кезінде жолдың негізгі қабатының ылғалдың әсерінен бүлінгені анықталған, соның салдарынан ақаулар пайда болған.
Қазіргі уақытта бұл ақауларды мердігер ұйым жоба-сметалық құжаттамада қарастырылмағанына қарамастан жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атырау облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалы аталған учаскеде тексеруді 2024 жылы, жұмыс басталған уақыттан бастап жүргізіп келеді. Биыл орталық мамандары қайта тексеру жүргізіп, бірқатар ақауларды анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар берген. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары орталық мамандарының қатаң бақылауымен жалғасуда.