CaspianLife, 22 мамыр. Мұндай деректер Мәскеуде Қазақстан Республикасының Елшілігінде өткен «Достық пен сенім желісі: Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа 20 жыл» атты дөңгелек үстел барысында айтылды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі аталған құжаттың 2005 жылғы 18 қаңтарда қол қойылып, 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енгенін еске салды. Дөңгелек үстелге екі елдің мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру және сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің атқарушы директоры Наталья Крючкова сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң нәтижелерімен бөлісті.
«Барлық макроэкономикалық қиындықтарға қарамастан, соңғы үш жылда өзара сауда-саттығымыз тұрақты өсіп келеді және жылына 26 млрд АҚШ долларынан төмен түскен емес. Біз одан әрі ілгерілеудеміз – бұл өндірістерді жергіліктендіру және компанияларды тіркеу туралы. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда ресейлік қатысы бар 23 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген, ал Ресеймен бірлескен меншік нысанындағы кәсіпорындар саны – 4 871», – деді Н.Крючкова.