CaspianLife, 28 сәуір. «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорология қызметінің мәліметінше, циклон кеткеннен кейін батыстан антициклон келеді. Ол өзімен бірге алдымен батыс өңірлерде, кейін солтүстік пен шығыс өңірлерде жауын-шашынның тоқтауын және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін әкеледі.
«29-30 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір мен 1 мамыр күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау мен Абай облыстарында түнде ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендейді», — деп хабарлады ведомство.