CaspianLife, 14 наурыз. Көрісу күні мен Наурыз мерекесіне орай 14 наурыз және 22 наурыз күндері Атырау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы ерекше күндері сіздер жақындарыңызбен қауышып, Наурыз мерекесін кеңінен атап өте аласыздар. Қоғамдық көліктегі тегін жол жүру тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды», — деп атап өтті қала әкімдігі.