CaspianLife, 3 наурыз. Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша рейстер санын көбейту мәселесін қарастырды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-30 наурыз аралығында 120 қосымша рейс қосылды, оның ішінде:
«Air Astana» әуе компаниясы 55 рейс қосты:
Ішкі бағыттар бойынша:
— Астана – Алматы + 8 рейс;
— Атырау – Астана + 6 рейс;
— Атырау – Алматы + 3 рейс;
— Алматы – Шымкент + 2 рейс;
— Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
— Алматы – Ақтау + 1 рейс;
— Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
— Алматы – Өскемен + 1 рейс;
— Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
— Астана – Орал + 1 рейс;
— Астана – Қостанай + 1 рейс.
Халықаралық бағыттар бойынша:
— Алматы – Сеул + 4 рейс;
— Алматы – Стамбул + 4 рейс;
— Астана – Стамбул + 4 рейс;
— Алматы – Мале + 4 рейс;
— Алматы – Бейжің + 2 рейс;
— Астана – Сеул + 2 рейс;
— Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
— Астана – Пхукет + 1 рейс;
— Астана – Фукуок + 1 рейс;
— Алматы – Лондон + 1 рейс;
— Алматы – Душанбе + 1 рейс;
— Алматы – Баку + 1 рейс;
— Алматы – Камрань + 1 рейс;
— Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.
Жаңа бағыттар ашылады:
— 30 наурыздан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс);
— 31 наурыздан бастап Астана – Нячанг (аптасына 3 рейс);
— 30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс);
— 20 сәуірден бастап Алматы – Мумбай (аптасына 3 рейс);
— 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс);
— 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс).
«FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейс қосты:
— Астана – Алматы + 11 рейс;
— Астана – Орал + 4 рейс;
— Алматы – Шымкент + 3 рейс;
— Алматы – Қарағанды + 2 рейс;
— Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
— Астана – Шымкент + 2 рейс;
— Астана – Түркістан + 2 рейс;
— Алматы – Қостанай + 1 рейс;
— Алматы – Семей + 1 рейс;
— Алматы – Павлодар + 1 рейс;
— Алматы – Орал + 1 рейс;
— Астана – Қызылорда + 1 рейс;
— Астана – Ақтау + 1 рейс;
— Астана – Өскемен + 1 рейс.
Жаңа бағыттар:
— 4 маусымнан бастап Қарағанды – Стамбул (аптасына 2 рейс).
«SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосты:
— Астана – Алматы + 16 рейс;
— Астана – Шымкент + 8 рейс;
— Алматы – Шымкент + 8 рейс.
Жаңа бағыттар:
— 29 мамырдан бастап Шымкент – Каир (аптасына 2 рейс);
— 28 мамырдан бастап Шымкент – Сиань (аптасына 2 рейс);
— 27 мамырдан бастап Шымкент – Будапешт (аптасына 2 рейс).
«Qazaq Air» әуе компаниясы
— 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағытында рейстер іске қосылады (аптасына 2 рейс).
— Сонымен қатар, Наурыз мейрамы қарсаңында Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан бағыттарында қосымша рейстер саны көбейтіледі.
Авиабилеттер әуе компанияларының ресми сайттарында сатылымда.
Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет бағалары көтерілмейді. Бағалар нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін (мысалы, билетті ұшу күніне дейінгі мерзімде сатып алу). Техникалық мүмкіндіктерге қарай мейрам күндері қосымша рейстер ашу жұмыстары жалғасады.