CaspianLife, 29 қаңтар. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШС-не қатысты тергеу бастады.
БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеуге негіз ретінде мұнай өңдеу нарығындағы бағалар мен өндіріс (өткізу) көлемдерінің динамикасын талдау нәтижелері алынған.
Агенттіктің жүргізген талдау қорытындысы бойынша, 2021-2023 жылдар аралығында мұнай өңдеу қызметтеріне орташа бағаның 31%-ға өсуі байқалған, бұл нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілеріне жатқызылып отыр.
«Монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мүмкіндігін тергеу барысында анықталады», – делінген БҚДА хабарламасында.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Сурет: Рахим Қойлыбаев