CaspianLife, 15 қаңтар. Прокурорлық тексеру нәтижесінде өндірістегі жарақаттармен байланысты материалдардың құқық қорғау органдарына жіберілмегені анықталды.
Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарлауынша, мысалы, қызметкердің денсаулығына ауыр зиян келгені туралы қорытынды болғанына қарамастан, мұнайсервис компаниясының лауазымды тұлғалары бұл фактіні жасырып қалған. Осыған ұқсас тағы бір жазатайым оқиға бойынша да жасырынғаны анықталды. Прокуратура жинаған материалдар негізінде ҚК 156-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа жіберілді.
(Сурет CaspianLife редакциясының архивінен)