Маңғыстау облысында Армениядан келген 785 автокөлік тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.
Қазіргі уақытта өңір тұрғындары арнайы ХҚКО-ға келіп, маусым айының басында орнатылған кеңес алу бұрышын пайданалуда.
2020 жылдың 1-ақпанынан кейін Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдары тіркеуге жатпайды. Сондай-ақ, тіркеу Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға жүзеге асырыла алмайды.
Уақытша мемлекеттік нөмірлерді алу процедурасы шамамен бір сағатты алады. Ол үшін көлік иесі шамамен 12 мың теңге болатын үш мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Көлікті 1-қыркүйекке дейін қайта рәсімдеп үлгеру қажет.