CaspianLife, 3 желтоқсан. Заңсыз жүк Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тәжен» кедендік бекетінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және облыстық экономикалық тергеулер департаменті қызметкерлерімен бірге тоқтатылды.
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлағандай, Қазақстан-Өзбекстан шекарасында, Бұхара — Мәскеу бағыты бойынша келе жатқан Өзбекстан азаматының багажында келесілер табылды:
— 22 қорап ішімдік (JACK DANIELS виски), әр қорапта 12 бөтелке (1 бөтелке — 1 л)
— электронды темекілер (WAKA) — 460 қорап (1 қорапта — 10).
Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Ескерту: ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адам кінәсіз деп есептеледі, егер оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбесе.