CaspianLife, 28 қараша. «КазТрансОйл» АҚ («КазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) Батуми терминалының әлеуетін нығайтуда. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-да («ҚазТрансОйл» АҚ-ға 100% үлесі тиесілі) жүк көтеру қуаты 40 тоннаға дейін жететін «Аист» үлгідегі жаңа кран іске қосылды. Бұл жаңарту Батуми теңіз портының құрғақ жүк терминалының өнімділігін айтарлықтай ұлғайтады.
Техникалық инфрақұрылымды жаңарту терминалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Енді терминал Handysize және Handymax үлгісіндегі ірі тоннажды кемелерге бұдан да тиімді қызмет көрсете алады. Бұл, әсіресе, үймелі жүк санатының үлесі артуына байланысты маңызды болып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында терминал арқылы 1 млн 408 мың тонна жүк тасымалданды, бұл былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 51,1 мың тоннаға артық.
Сонымен қатар «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ сұйытылған көмірсутек газдары мен жеңіл мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайтуға бағытталған екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл шаралар компанияға нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты өтеуге және порттың бәсекелік позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Аталған бастама — Қара теңіз өңіріндегі портты негізгі логистикалық торап ретінде дамытуға және жүк айналымын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі.