Caspianlife, 28 қараша. Кездесу кеше Башқұртстанның астанасы Уфада Ресей мен Қазақстанның XX аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті.
Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram-арнасында жазғандай, форумның басты оқиғасы пленарлық отырыс болды, оған Ресей Президенті Владимир Владимирович Путин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.
И.Бабушкиннің айтуынша, Қазақстан Астрахань облысының негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында екіжақты сауда айналымы 27%-ға артты. Осы жылдың он айында Қазақстанға 1,5 мың тонна балық өнімдері мен 14 мың тонна көкөніс жөнелтілген. Сонымен қатар, астраханьдық құрылыс және өндірістік материалдар да Қазақстан нарығына жеткізілуде. Астрахань облысының губернаторы Ресейдің бұл өңірі Қазақстан облыстарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бірқатар Қазақстан аймақтарымен Астрахань облысының экономика, көлік, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, экология салаларын қамтитын келісімдер бар.
«Бүгін (27 қараша – CaspianLife ескертпесі) бірнеше екіжақты кездесулер өткіздім. Атырау облысының әкімімен және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен негізгі тақырыптарымыз – кеме жасау саласындағы серіктестік және био-ресурстарды сақтау, әсіресе қаракөз(вобла) балығын сақтау мәселелері болды. Әріптестеріме біздің бастамамызға қосылуды ұсынып, оның аулануына уақытша шектеу енгізуді ұсындым. Шығыс Қазақстан облысының әкімімен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Біздің өңір Қазақстан серіктестерімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Біз жаңа ұсыныстар мен бастамаларға ашықпыз», — деп жазады Игорь Бабушкин.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Сурет: Игорь Бабушкиннің Telegram-каналынан