Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Атыраудағы зауытта жыл сайын 50 миллионнан астам бақылау-өлшеу аспаптары, электронды температура датчиктері және манометрлер жасалады.
— Біз неміс компаниясының өкілдері ретінде сапаны бірінші орынға қоямыз. Жақында ISO 911 сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алдық. Сондай-ақ ірі компаниялардың аудитінен өтіп, мақұлданған мердігерлер тізіміне кірдік, — деп атап өтті сапа басқармасының жетекшісі Диляра Сатпаева.
«Wika» компаниясы, әлемдік лидер болып табылатын, 75 жылдан бері мұнай-газ, химия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика салаларына қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларын шығарады. «Wika» компаниясының ТМД өңірі бойынша аға вице-президенті Энвер Шульгиннің айтуынша, Атыраудағы өндірістік кәсіпорын ашылмас бұрын, ең ірі тапсырыс берушілерден тұрақты түрде сұраныстар түскен. «Wika» шығаратын құрал-жабдықтарды «Тенгизшевройл» (ТШО), North Caspian Operating Company (NCOC) және «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) сияқты компаниялар пайдаланады.
— Біз осындай ірі тапсырыс берушілердің талаптарына сай болуға тырысамыз. Атыраудағы өндірістік алаңдарда біз тек локализация ғана емес, сонымен қатар «Wika» компаниясының 75 жылдық тәжірибесін де енгізіп жатырмыз, — деді Э. Шульгин.
Бұған дейін «Wika» компаниясы Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетімен меморандум жасасты. Бүгінгі таңда университеттің студенттері Атыраудағы «Wika» зауытында өндірістік тәжірибеден өтуде.