CaspianLife, 26 қараша. Бұл жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жабумен байланысты жүргізіледі.
Қазақстанның телерадио хабар тарату саласындағы ұлттық операторы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының хабарлауынша, мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіліп тұрады, оның мақсаты — телерадиоарналардың хабар тарату сапасын қамтамасыз ету және үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету. «Қазтелерадио» сайтында былай делінген: «29 қарашада сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде Қазақстан аумағында телеарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады».