CaspianLife, 22 қараша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің жетекшісіне, барлық күштік құрылымдардың басшылары мен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, «…Қазақстан Парламентінің палаталарының төрағалары қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілген. Елдегі жағдай Президенттің жеке бақылауында».
Сонымен қатар, ол Қазақстан үшін негізгі стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заңдылық пен тәртіпті сақтау екенін атап өтті. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қазақстанның екі славян халықтары арасындағы әскери қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтату қажеттігін бірнеше рет атап өткенін еске салды.