CaspianLife, 21 қараша. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) қолданылуын ұзарту (қайта бастау) рәсімдері жүргізілуде.
Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім аясында бажсыз жеткізу жағдайында ресейлік мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты Келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттамаға қол қоюға Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалды (2024 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін).
Келісім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.