CaspianLife, 13 қараша. Астана қаласында 8-10 қараша күндері ересектер арасында самбодан өткен Әлем чемпионатында маңғыстаулық самбошы Гүлдана Альмуханбетов 54 келі салмақта белдесіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Гүлдана Альмуханбетова — спорттық самбодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, ТМД ойындарының қола жүлдегері, Беларусь Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.
Елордада 19 жылдан кейін өткен Әлем чемпионатына 80-нен астам мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстаннан 28 самбошы бақ сынады. Еліміздің қоржынына 3 алтын, 5 күміс, 9 қола салынып, самбо тарихы жаңарды. Мемлекетіміз жалпыкомандалық есепте 2-орынға жайғасты. 1-орынды Ресей мемлекеті иеленсе, 3-орын Беларусь мемлекетінің еншісінде болды.