CaspianLife, 5 қараша. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу мәселесін түсіндіру жөнінде БАҚ-тан түскен өтініштерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі пікір білдірді.
CaspianLife, 5 қараша. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу мәселесін түсіндіру жөнінде БАҚ-тан түскен өтініштерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі пікір білдірді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстемеақы тағайындау тек қана бюджет қаражатының үнемделуінен жүзеге асырылады. Осы қаулымен үнемдеу болған жағдайда сыйақы төлеуге болатын шығындар баптарының нақты тізбесі белгіленген (сапар шығындары, коммуналды және көлік қызметтері, байланыс қызметтері, ғимаратты жалға алу және т.б. бойынша үнемдеу).
«Қазіргі уақытта аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақы төлеуді шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуге тыйым салатын негіздер жоқ. Қаржы министрлігінің бұрынғы мәлімдемесінде үкімет қаулысындағы нормаларды бұлжытпай сақтау қажеттілігі және бағдарламалардың әкімшілеріне қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған қаражатты тек аталған шығындар баптарынан пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысы етпейтін материалдық активтерді сатып алу арқылы үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуы тиіс», — делінген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22
© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.