CaspianLife, 31 қазан. “Мұнайшы” стадионында 12-13 жас аралығындағы оқушылар арасында футболдан турнир өтіп жатыр. Оған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында «DamuBala» платформасының қатысушыларынан 15 және Атырау футбол орталығынан 1 команда қатысуда, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Мұқановтың айтуынша, турнир апта соңына дейін жалғасады.
— Футбол өте тартысты өтіп жатыр. Ойында 4 төреші бар. Жеңімпаз 3 команда қалалық «АFL-2024» футбол турнирінің чемпионы атанады.Мақсаты – балалардың спорттық қабілетін дамыту, тәжірибе жинау және командалық рухты нығайту, — деді А.Мұқанов.
Айта кетейік, спорттық дода үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.