CaspianLife, 28 қазан. Кеше, 27 қазан (жексенбі), сағат 18:37-де Атырау қаласының жедел қызметтеріне «Байзар» сауда-ойын-сауық кешенінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрсетілген мекен-жайға дереу өрт сөндіру топтары жетті. Сауда-ойын-сауық кешенінен 80 адам, оның ішінде 45 бала эвакуацияланды.
«Өрттің, болжам бойынша, балалар киімдері дүкенінің қоймасынан басталған. Оқиға орнында штаб құрылып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт 21:58-де оқшауланып, 22:50-де толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы алаңы 1000 шаршы метрді құрады. Алдын ала өрттің себебі — тоқ желісінің қысқа тұйықталуы», — делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт сөндіруге барлығы 92 адам және 12 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқиға орнында ТЖД психологтары эвакуацияланған адамдар мен кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдемнің екі бригадасы, «Оқиға медицинасы орталығының» төрт қызметкері, 50 полиция қызметкері, 23 техника мен жедел әрекет ету мекемесі жұмылдырылды. Осы жағдайға байланысты Атырау облысының ТЖД дағдарыс орталығында «жедел желі» телефон нөмірі: 45-14-75 ашылды.