CaspianLife, 18 қазан. Жылыой ауданында Құрсай каналының түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр.
Тамыз айынан бері арнаның 24 шақырымы тереңдетілген. Қараша айына дейін бұл көрсеткішті 46 шақырымға жеткізіп, мұндағы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр. Ал Жем өзенін тереңдету жұмысы қараша айында басталмақ. Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасы бөлімінің бас маманы Ернар Қадырбай айтты, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы жоба аясында Құрсай арнасы мен Жем өзенінің 95 шақырымында түп тереңдету жұмысы жүргізілмек. Бұл жобаға «Сап-ин-вест» ЖШС жауапты.
— Құрсай каналындағы жұмыстардың ені 20 метр, тереңдігі 2,5 метрді құрайды. Ауданның табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, тасқынға дайындық жұмыстары әрі қарай да жоспарға сай жүзеге асырылатын болады, — деді Е.Қадырбай