CaspianLife, 15 қазан. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 16 қазанда Исатай ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшасында.
Облыс әкімі 11:00 де -Жалын мәдениет үйінде Аққыстау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізеді. Ал 14:30 да— азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтеді.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Исатай ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8(71231) 2-03-52