CaspianLife, 11 қыркүйек. Қазақстанда бір жыл ішінде екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 4,9%-ға, жаңа тұрғын үйдің бағасы 2,7%-ға өсті. 2024 жылдың тамызында жайлы тұрғын үйді жалға алу ақысы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артты.
Бұл мәліметтер бүгін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланды. Ақпаратта аймақтық тұрғыда бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағаларының жылдық өсімі бойынша Ақтөбе қаласында 7,9%, Талдықорғанда 7,2%, Қызылордада 7,1% болғаны атап өтілген.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағаларының өсуінде көшбасшы қалалар:
— Атырау қаласы (17,3%),
— Астана қаласы (12%),
… жалға беру нарығында – Петропавл (23,5%), Қарағанды (22,4%), Шымкент (20,8%) және Астана (20,6%).
Толық статистикалық мәліметтермен МҰНДА танысуға болады.
Дереккөз: www.caspianlife.kz