CaspianLife, 20 тамыз. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында полицейлер 1 күнде 1000-ға жуық құқық бұзушылықты анықтады.
Бұл туралы Атырау облысы Полиция Департаменті хабарлады.
Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 19-26 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде 940 құқық бұзушылық анықталып, 16 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Оның ішінде:
— Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу-14;
— Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару-11;
— Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару-4 ;
— Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару-20;
-Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы-13;
-Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру-650;
-Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау-84;
-Маневр жасау қағидаларын бұзу-17;
-Қарсы бағытқа шығу-5;
— Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы-7;
— Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы-38;