Атырауда көлік жөндеу орталықтарының бірі отқа оранып, тұтынушыларға тиесілі 8 автокөлік жанып кетті.
Оқиға кезінде ғимарат ішінен 50 литрлік 2 газ баллоны мен 70 литрлік 3 оттегі баллоны табылған. Қазір осы жағдай бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.
– Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 15 адам, 4 техника жұмылдырылып, сағат 20:00-де оқшауланған өрт 20:41-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда, – деді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов.