CaspianLife, 22 шілде — Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ-ін тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығының бірқатар заң бұзушылықтарын анықтады.
Атап айтқанда, мектеп басшылығы қызметкерлерден ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы ақша қаражатын заңсыз жинаған.
Сонымен қатар, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу арқылы ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.
Мектеп директоры өз қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.
Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.