CaspianLife, 19 шілде — Директорлар кеңесінің шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас директоры болып Ринат Ізмұханбет тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Оны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев таныстырды. Ол бірқатар өндірістік көрсеткіштер бойынша ЕМГ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын табысты аяқтағанын атап өтіп, бұрынғы басшы Сәбит Арыновқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Ринат Ізмұханбет бұған дейін, 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың шілдесіне дейін, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де бас директордың бірінші орынбасары және одан кейін бас директор қызметтерін атқарған.