CaspianLife, 16 шілде — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған 3 457 га жер учаскесінің Жер кодексінің 43-бабының талаптарын бұза отырып жеке меншікке берілгенін анықтады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы «Коса Ада» ауданында орналасқан жер учаскесінің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды. Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай рәсімделгені анықталды. Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқық беретін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
Сот шешімімен талаптар толық қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.