CaspianLife, 15 шілде – Бұл шешім төлемді өзгерту туралы өтініш қоғамдық талқыға салынғаннан кейін қабылданды. Өнеркәсіп министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаевтың сөзінше, петицияда көрсетілген уәждер шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар, жобаны талқылау барысында қосымша негіздеме келтірілмеді.
Петицияда мынадай ұсыныстар қойылды:
Утиль алым мөлшерлемесін 100 мың теңгеден асырмау;
Көлік құралдарының басқа санаттары үшін қайта өңдеу салығының ставкалары 0 теңгеге дейін төменту (ауыл шаруашылығы техникасы үшін бұл төлемді толығымен жою);
Көлік құралдарын бастапқы тіркеу мөлшерлемесін 0,25 АЕК-ке дейін төмендету.
Соңғы шешімді бірнеше күннен кейін Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жариялайды.