CaspianLife, 5 шілде — Ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталуына байланысты, «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни, Атырау қаласы — Махамбет ауылы учаскесі ашылды.
Жол жеңіл және ауыр жүк көліктері үшін де ашық.
Еске сала кетсек, тасқыннан кейінгі ағымдағы жөндеуге байланысты 3 шілде сағат 8:00 ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы жабылған болатын.