CaspianLife, 30 мамыр — Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі екі тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 600 см.
Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да су деңгейі не көтерілген, не түскен жоқ. Индербор кентінің тұсында 8 см-ге төмендеп, 954 см-ді көрсетті.
Ал, Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге төмендеп, су деңгейі 10 м 16 см болып тұр. Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі алты күннен бері өзгеріссіз.
30-мамыр күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.