CaspianLife, 17 мамыр — Жайық өзені 17-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 10 метр 30 см-ді көрсетті. Бірақ шекті деңгейден әлі де 185 см асып тұр. Ал Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, 10 метрге жетті. Қауіпті саналатын межеден 150 см асып кетті. Облыс орталығы — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір күн ішінде 3 см-ге көтеріліп, қазір 560 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 10 см асқан. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 2 см-ге төмендеп, қазір 361 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі
бір тәулікте 1 см-ге төмендеген. Қазір мұндағы су деңгейі 228 см. Бүгін Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.