10 мамыр. Caspian Life. Махамбет және Сарытоғай ауылы арасындағы көлік қатынасы қалпына келтірілді. Екі елдімекен арасындағы тас жол кеше ағыс қатты болған соң уақытша жырылған еді. Мұндай шешімді ТЖ жөніндегі штаб өкілдері қабылдаған.
Ауыларалық жол бұзылған соң ол жерге ұзындығы 11 метр, диаметрі 1,5 метрлік 2 құбыр салынды. Және жан жағы құм толтырылған қапшықтармен нығайтылды.
Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғайды қосатын жолдың ұзындығы – 5 шақырым. Қос ауылда 13 мыңға жуық адам тұрады.
Руслан ӘЖЕНОВ, Махамбет ауылдық округінің әкімі
— Осыған байланысты құрметті ауыл тұрғындары6 сіздерден сұрайтынымыз балаларыңызға, өздеріңіздің қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында тасжолмен өткен уақытта қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Қазіргі шаралар атқарылып жатқан штабпен жедел және осы қауіпсіздікті алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар. Соны дұрыс түсінуілеріңізді сұраймыз. Енді осы жерлерде күні-түні кезекшілік шығып бақылауда.