10 мамыр. Caspian Life. Жалғансай ауылындағы мектеп жанындағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдай алады. Орта мектепте әйелдерге, балаларға және қарттарға арналған орындар дайындалды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Жалғансай ауылдық мектебі директорының міндетін атқарушы Үздік Жиенғалиеваның айтуынша, эвакопунктте қажетті заттар, су және жеке гигиена құралдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, мектептің медициналық пункті бар, онда қажетті дәрі-дәрмектер де жиналған.
Еске сала кетейік, Махамбет ауданында тұрғындарды эвакуациялау үшін 22 пункт дайын тұр. Ауданға қарасты 21 елдімекеннің 18-і Жайық өзенінің жағалауында орналасқан.