CaspianLife, 6 мамыр — «Қазсушар» мекемесінің Индер өндірістік бекетінің өкілі Сұңғат Есенжанұлының айтуынша, мұндай көлемдегі мол су соңғы он жылда болмаған.
«Орал өңірінен бастау алатын каналдың ұзындығы 105 шақырымды құрайды.
Каналға бұған дейін Жайық өзенінен екі насоспен су айдалып келген болатын. Қазір Орал бағытынан мол судың келе бастауына байланысты, Бағырлай арнасы табиғи жолмен суға тола бастады деді Сұңғат Есенжанұлы.
Индер ауданындағы «Бағырлай» каналы бойындағы суды тұрғындар ауылшаруашылығы мақсатында қолданып келеді.