CaspianLife, 4 мамыр — Махамбет ауданында халықты эвакуациялау жағдайына 22 пункт дайындалды, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Сарайшық ауылындағы эвакуациялық пункт Қ. Қарашаұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында ашылды.
10 сәуірде су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты Махамбет ауданының барлық мектептері онлайн оқыту форматына ауыстырылды.
11 сәуірде аталған мектепте су тасқыны жағдайында халықты қабылдауға эвакуациялық пунктті дайындау басталған болатын.
— Халықты эвакуациялау кезінде біздің пункт 250-ден 300 адамға дейін қабылдай алады. Қорда қажетті заттар, су, дәрі-дәрмектер мен жеке күтім құралдары бар, — деді Қ. Қарашаұлы атындағы орта мектеп директоры Дания Сабырова.
Айта кетейік, 2024 жылғы 6 мамырда таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі 15 см-ге көтеріліп, 861 см-ге жетті, бұл қауіпті деңгейден 11 см-ге артық.