CaspianLife, 23 сәуір — Атыраулық экологтар Жайық жағасынан табылған күкіртке ұқсас затты зерттейтін лаборатория іздестіріп жатыр. Экология департаментінің талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Сапар Тұрсынбековтың сөзінше видеодағы топырақ Баймұқанов-Мечников көпірінің тұсындағы өзен жағасына «Аламан» базарының артындағы карьерден әкелінген.
Сапар Тұрсынбеков, Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:
Қарау кезінде нақты сол жерде күкірт тәріздес заттардың анықталғаны белгілі болды. Және де ол топырақтан сол жерден жиналып, арнайы полигонға тапсырылды. Бұдан басқа осы бөгет тасылып жатқан карьерга барып қарау жүргізілді. Ол жерде мұндай заттардың табылмағандығы анықталды. Бұл жөнінде департамент тарапынан полиция департаментіне хат жолданды. Бұның қайдан шыққанын анықтау мәселесі бойынша қазіргі кезде арнайы зертханалар іздестірілу үстінде, -деді.
Естеріңізге салайық, 21-сәуір күні әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Жайық жағасын бекіту үшін әкелінген топырақтың құрамынан түйіршіктелген күкірт шығып жатыр деп жариялаған еді.