CaspianLife, 5 сәуір — Атыраулықтар су тасқынына қарсы дайындыққа кіріскелі бері қаладағы құрылыс дүкендері мен базарларда қапшыққа деген сұраныс күрт артты. Кейбірінде түгел сатылып кеткен. Сауда орындарында құрылыс материалдарын салуға арналған қапшық құны — 60 теңге. Ал, азық-түлік салуға арналған қапшықтың біреуі 200 теңге тұрады. Саудагерлер болса мұндай жағдайға дайын болмағандықтан жылдағы мөлшермен алғандығын, қазір тағы да тапсырыс беріп қойғандарын айтуда. Қашан келетіні белгісіз.
Жуықта Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қолда 250 000 қапшық бар екендігін, тағы да 1 миллион қапшық сатып алуды жоспарлап отырмыз» деген еді. Соған қарағанда кәдімгі қапшыққа деген сұраныс арта түсетін сыңайлы. Әдетте полпропиленнен жасалған қапшық бізге Алматы, Астана қаласынан жеткізіледі.