CaspianLife, 2 сәуір — Ауданда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты штаб төрағасы — аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев жеке құрамның 90 қызметкерін қауіпті аймақтарға бөлді. Тайсойған ауылына — 20, Қарабау ауылына — 20, Қоныстану ауылына — 50 құтқарушы кетті. Сонымен қатар, қауіп төнген ауылдарға облыс орталығынан еріктілер аттанып, техника жеткізілуде.