CaspianLife, 29 қаңтар — Әділет министрлігі қазақстандықтарға тағы бір кең тарап жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті.
Cоңғы кездері алаяқтар өздерін әділет органдарының немесе сот орындаушысы өкілдеріміз деп таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін сұрай бастаған.
Өзін әділет қызметкері немесе сот орындаушысы ретінде таныстырған алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етуде.
Министрлік мұндай қоңыраулар түскен жағдайда азаматтар атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (МАЖ ААЖ) немесе aisoip.adilet.gov.kz сайтына кіріп өз бетінше тексере алатынын еске салды.