CaspianLife, 23 қаңтар. Маңызды цифрға мән беріңіз!
2010-2022 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несие сомасы 12,0 трлн теңге болатын 202,4 мың жоба қолдау алған.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кәсіпкерлер осы жылдар ішінде:
•83 трлн теңгенің өнімін шығарып;
•5.5 трлн теңге салық төлеп;
•962 мың жұмыс орындарын сақтап;
•201 мың жаңа жұмыс орнын ашты.
Қор жүзеге асыратын бағдарламалар ішінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» сұранысқа ие. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер несиесінің сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялап, банк талап еткен кепілдік жетпеген кезде Қордан несие пайызының 50 немесе 85 пайызына дейін кепілдік ала алады.