CaspianLife, 19 қаңтар — Бүгін Атырауда дүниежүзі православ христиандарының дәстүрлі «Крещение Господне» мерекесі атап өтілді. Бұл күні жүздеген қала тұрғындары арнайы ойылған мұз шұңқырына сүңгу үшін жиналды.
Айта кетейік, Атырау облысында шомылуға арналған 7 орын дайындалған: қала аумағында «Орал» мейрамханасында, Тұрғындар қалашығы және Ғазиз Жұбанов көпірінде, біреуі Құлсарыда, қалғандары Махамбет, Құрманғазы және Индер ауданында. Ойық маңында киініп-шешінетін, жылынатын жер қарастырылған. Мереке күні суға түскен адамдардың қауіпсіздігін жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар қамтамасыз етті.