Ауданда республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқаны аясында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында түрлі форматта іс-шара өткізілуде. Жуықта аудандық аналар кеңесі мен ішкі саясат бөлімі бірлесіп, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Оған прокурор, инспектор, дәрігерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары, балабақша меңгерушілері қатысты. Алдымен аудандағы тиісті бөлімдер әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оларды қорғау, құқықтық көмек көрсету бағытында жасалған іс-шараларға және заңдағы өзгерістерге тоқталды.
СНХ: Ахмет ТЫНЫШБАЙ, Қызылқоға ауданының прокуроры
— Арыз-шағымсыз қазіргі таңда іс құжаттары жиналып сотқа жолданады. Яғни осыған дейін аталған баптар тек арыздың негізінге ғана қозғалып, арызданушы бас тартуымен қысқартылады, яғни іс тоқталады. Сонымен қатар, осы бір рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға бір рет кешірім жасағаннан кейін татуласуына байланысты тоқтатылатын болса, екінші рет ол жағдай қолданылмайды.
СНХ: Әйгерім ШӘКІРОВА, Қызылқоға аудандық ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы
Қазіргі кезде зорлық-зомбылықтың көпшілігі ер мен әйел арасындағы келіспеушілік салдарынан орын алуда. Полиция қызметкерлері тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына, оның тарапынан құқық бұзушылықты алдын алу бағытында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі. Сонымен қатар, жәбірленушіні қорғау мақсатында 1 ай мерзімінде қорғау нұсқамасы шығарылады.
2022 жылы аудандық полиция бөліміне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 120 хабарлама түссе, биыл олардың саны 140-қа жеткен. Оның басты себебі отбасындағы ер адамның ішімдікті шамадан тыс пайдалануында дейді полицейлер.