Caspian Life, 22 қараша. Ақтау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты І кезеңдегі сабақтар онлайн өтеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлімдеді.
— Ақтау қаласындағы 28 мемлекеттік мектепте ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымдағы сабақтар онлайн өтеді. Ал тасымал қызметі бар 23 жеке мектепте сабақ болады, — деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тоты Күлметенова.
Ал бүгінгі ІІ ауысымдағы сабақтың қай форматта өтетіні қосымша хабарланады.
Екінші ауысымдағы сабаққа қатысты ақпарат кейін белгілі болады.