Ақтау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғынынан шағым келіп түсті. Олардың айтуынша, «Е» есімді адам шетелдік көліктерді заңдастыруға уәде беріп, ақша алғанымен кейін уәдесін орындамаған. Жалпы материалдық шығын 7 миллион 700 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлайды.
Іздестіру кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, қамауға алды. Аталған дерей бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қазір алаяқтық оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр. Әзірге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні айтылды.