CaspianLife, 13 қараша — Кеше, 12 қараша күні сағат 18:00 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып, суға секіргелі тұрған азаматты байқады, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы ПД мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов және Болатбек Азимов 3 минут ішінде жеткен. Полиция келгенше оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар да көмекке келген. 31 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасымен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқарылды.