Атырау-Доссор трассасы 2025 жылы кеңейтіледі. Бұл жолды жаңғырту туралы былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген еді.
Көлік көп жүретін бұл трасса — екі жолақты. Оның 85 шақырымын 4 жолақтыға ауыстыру үшін қажетті жобалық-сметалық құжат келер жылы жасақталады. Ал, құрылыс жұмысы қаражат уақытылы бөлінсе, 2025 жылы басталады. Әзірге жергілікті атқарушы орган министрлікке тиісті құжаттарды жіберіп қойған.