CaspianLife, 17 қазан. Атырауда 32 жастағы жүргізуші 3 адамды қағып кетті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға түсті.
Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда жергілікті уақытпен сағат 14:20 шамасында болған.
– Атырау қаласында Азаттық даңғылының бойында 1991 жылғы жүргізуші Opel Astra автокөлігімен 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен 1967 және 1980 жылғы екі ер адам мен 1998 жылғы әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін екі ер адам ауруханаға жатқызылды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізушінің көлігін арнаулы айып тұрағына қойды. Жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.