Компания қызметінде қызметкерлердің бірқатар еңбек құқықтарын өрескел бұзу, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталған.
«Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 миллион теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі», — делінген хабарламада.