CaspianLife, 25 қыркүйек — Атырауда 1 қазаннан 3 қарашаға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына жабылады, бірақ Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының жеткілікті қоры бар дейді.
«Бүгінгі қор туралы айтатын болсақ, бізде жанар-жағармай жеткілікті: АИ-92 – бір айдан астам уақытқа, АИ-95 – 24 күнге, дизель отыны – 36 күнге, авиациялық отын – екі айға жуық уақытқа жетеді», – дейді. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.
Жетпеген жағдайда экспортқа тыйым салынғанына қарамастан Ресейден бензин жеткізу жоспарланып отыр.
«Ресей Федерациясы үкіметінің қаулысында ЕурАзЭҚ елдеріне экспортқа қол қойылған индикативтік балансқа сәйкес рұқсат етілгенін атап өткен жөн. Бізде ол құжаттарға қол қойылған. Сондықтан Қазақстанға шектеулер болмайды», — деді Ақкенженов.