CaspianLife, 12 қыркүйек — Бұл «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңінің басталуымен байланысты, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейнінде «Бекіре-2023» жыл сайынғы жедел-профилактикалық іс-шарасының (ЖЖБ) күзгі кезеңі басталды. Іс-шара 31 қазанға дейін жалғасады.
Атырау облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес облыста «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шара жоспары бекітіліп, басқарма басшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылды.
«Сонымен қатар мобильді топтар құрылып, жолдарда, вокзалда, жолаушылар пойызының бағыттарында, базарларда бақылау күшейтілді. Бұл балық және балық өнімдерін заңсыз өндіру, тасымалдау, сатып алу, өткізу және сату фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады. Осыған байланысты, жедел-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.